Маңғыстауда газ өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат  - 22 сәуір күні Жаңаөзендегі Қазақ газ өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасовтың айтуынша,  зауыттың жұмысы тоқтағанымен өңірде сұйытылған газдың тапшылығы болмайды.

«Қазір қорда Қазақ газ өңдеу зауытынан шыққан 2 мың тонна газ, Ақтөбеден жеткізілген 1 мың тонна газ бар.  Сұйытылған газдың бағасын бақылауда ұстап отырмыз. Зауыт өз жұмысын 27 сәуір күні жалғастырады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстауда сұйытылған газдың орташа құны төмендетілген бағамен маусым айының соңына дейін қойылған. Газ бағасы қосымша құн салығынсыз - 38 701 теңге.

Соңғы жаңалықтар