Маңғыстауда балықтардың қырылу себебі анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда экологтар Қаражанбас кен орнындағы балықтардың қырылу себебін атады. Алынған сынамада көрсетілгендей, мұнай өнімдері мен Менделеев кестесіндегі басқа да элементтердің көрсеткіші шамадан асқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әмірбеков хабарлады.

«Осы жылдың 19 маусым күні телефонға Қаражанбас кен орнына жақын маңда, Ақтау қаласынан 211-230 шақырым қашықтықта балықтардың қырылуы туралы хабарлама түсті. Олардың қырылу себебін анықтау үшін Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, Маңғыстау облыстық экология департаменті, Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және «Түпқараған аудандық ветеринария станциясы» МҚК мамандары оқиға орнына барды. 1 сынама алып, 15 анықтама жасады. Талдау көрсеткендей, онда мұнай өнімдері, марганец, никель, цинк және темір көрсеткішері шамадан тыс асқан», - деп нақтылады Әмірбеков баспасөз мәслихатында.
null

Аталып өтілгендей, мамандар әр тоқсан сайын Каспий теңізінің жағалауында ғана (1,4,7 және 15 мөлтекаудандардағы жағалауда) мониторинг жүргізіледі.

Ақтау қаласындағы атмосфералық ауаның мониторингіне келер болсақ, 2017 жылы 37 құралдық өлшеу жүргізіліп, 43 сынама алынды және 430 анықтама жасалды. Өлшеу нәтижесіне сәйкес, концентрация нормасынан асу бойынша 3 факті тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар