Маңғыстау облысының әкімі Әбіш Кекілбайұлы мен Фариза Оңғарсынованың зиратына барды

None
None
АСТАНА-Маңғыстау. ҚазАқпарат - Астанада Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында өңір басшысы Ералы Тоғжанов бастаған делегация жазушы Əбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың зиратына барып, құран бағыштады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

null null

«Әбіш Кекілбайұлы - аты аңызға, заты абызға айналған нар тұлға. Маңғыстаудың зор мақтанышы. Сондықтан, жыл сайын мұндай шараны ұйымдастыру парызымыз, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталды. Осыған орай, Маңғыстаулық зиялы қауым алдымен, соғыс қаhармандарының руxына тағзым етіп, «Отан-Ана» монументіне де гүл шоқтарын қойды.

null null  

Әбіш Кекілбайұлының замандас достары мен жазушының жұбайы Клара Жұмабайқызы ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

null null 

Соңғы жаңалықтар