Максим отбасымыздың мүшесі сияқты еді - Санкт-Петербургте қаза тапқан Арышевтің досы

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін 20.00-де «Сенная площадь» стансасында 3 сәуірде метрода лаңкестіктің салдарынан қаза тапқан Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің студенті 22 жастағы Максим Арышевті соңғы сапарға шығарып салады. Оның достары естелік мемориал орнатады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Максим Арышев - менің досым. Біз онымен Санкт-Петербургте таныстық. Ол ашық, әзіл-қалжыңға бейім керемет жан болатын. Ол жүрген жер көңілді еді. Максим менің отбасымды алмастырған. Үлкен алматылық отбасымыздың бір мүшесі», - деді оның досы Роман Зеделашвили.

Романның айтуынша, Максим алдына мақсат қойып, өмірді жақсы көрген. «Өзінің өмірлік жоспарлары болатын. Кәсібі, жобалары жайлы үнемі ойлап жүретін, - деді ол.

«Санкт-Петербургте достары да көп болды. Олардың барлығы Алматыға ұшып келе алмайды. Сондықтан бүгін Санкт-Петербургте Максиммен қош айтысады».

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербургте екі станса арасындағы өткелде жасалған лаңкестік салдарынан 14 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар