Мақсат Үсенов сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мақсат Үсенов бүгін сотқа мəжбүрлі түрде жеткізілді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бүгін ауданаралық əкімшілік сотында Мақсат Үсеновке қатысты ҚР ƏК 564-бабы 5-бөліміне қатысты ұшу кезінде қауіпсіздікті бұзғаны үшін отырыс болуы керек болатын. Сот приставтары Үсеновтың үйінен ешкімді таппаған соң, отырыс түстен кейінге қалдырылған еді.

Мəжбүрлі түрде жеткізілген Үсенов журналистердің сауалын жауапсыз қалдырды.

Айта кету керек, Мақсат Үсенов 5 маусымда Алматы-Бангкок рейсінде бұзақылық жасап, бортсерікке дөрекілік көрсеткен еді. Оның бұл əрекетіне қатысты  қалалық əкімшілік сот 10 тəулікке қамауға алып, 3 АЕК  көлемінде айыппұл салды. Осы оқиғадан соң Үсенов «Эйр Астана» компаниясының деструктивті жолаушыларының сұр тізіміне ілінді.

Еске сала кетсек, Мақсат Үсенов 2013 жылы желтоқсанда Алматыда 6 адамды көлігімен қағып кеткен болатын. Салдарынан бір адам қаза болды. Тараптардың ымыраға келуіне байланысты Үсенов қамаудан босатылып, оған Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жарты миллион теңге сомасына айыппұл ғана салынды. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын. Бұл жолы да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

Соңғы жаңалықтар