Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Асқар Баталов ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А.Баталов туризм мәселелеріне жауап беретін болады. 

Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын тәмамдаған. 1994-1997 жылдары - «Райымбек» фирмасының вице-президенті. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері. 1998-2005 жылдары - «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті.

2005 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2007 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдан бастап - жеке бизнесте.

Сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.  

Соңғы жаңалықтар