Литвада «ЭКСПО-2017» көрмесінің қорытындысы шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Вильнюс қаласындағы Мартинас Мажвидас атындағы Литваның Ұлттық кітапханасында Астанада өткен «Энергия болашағы» тақырыбында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Литваның қатысуының қорытындысына арналған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шарада Литваның қоршаған ортаны қорғау министрі Кестутис Навицкас, Литваның сыртқы істер вице-министрі Дарюс Скусявичюс, Литваның Қазақстандағы Елшісі Витаутас Наудужас, Литва павильонының ұлттық комиссары Ромас Янкаускас сөз сөйледі.

Қазақстанның Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов литва тарапына көрмеге белсенді қатысқаны және өзінің экспозициясын мағыналы, әрі жоғары ұйымдастыру деңгейі нәтижесінде көрме тақырыбын ашқаны үшін, сонымен қатар, технологияның соңғы жетістіктерін, үздік ұлттық брендтерді, Литваның бай тарихы мен мәдениетін ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Елші «Нұр Әлем» қазақстандық павильон және басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады деп атап өтті. Аудиторияға көрме кешенінде бірнеше жаңа ірі жобалардың іске қосылуы, атап айтқанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды, IT жобалардың халықаралық технопаркін дамыту бойынша халықаралық орталық туралы ақпарат берді.

 

Соңғы жаңалықтар