Lexus тізгіндеген мас қыздар тұрақтағы көлікке соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Lexus тізгіндеген мас қыздар тұрақтағы көлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абырой болғанда 5 минут бұрын ер адам тұраққа көлігін қойып, дәріханаға кіріп кеткен.
null

Тарс еткен дыбысты естіген соң көлік иесі сыртқа жүгіріп шыққан. Осы мезетте Lexus оқиға орнынан кетіп бара жатқан.

Жанұшырып тоқтатқан кезде ол рөлде  мас бойжеткен отырғанын көреді.

Оның қасындағы құрбысы да мас болған.
null

Кейінірек оқиға орнына ерлі-зайыптылар келеді. Әйел адам мас бойжеткеннің әпкесі болып шықты.

Ол өз кезегінде рөлде өзі болғанын айтып, сіңлісін ақтап алуға тырысты.

Қазір мәселенің мән-жайын полиция анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар