«Легия» «Астанамен» өтетін жауапты матчтың билеттер құнын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның «Легия» футбол командасының ресми сайтында «Астанамен» өтетін Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундының жауапты матчына билеттер құны жарияланды.

Билеттердің бағасы «жанкүйер картасы» мен маусымдық абонементтің бар-жоғына байланысты ерекшеленеді. Атап айтқанда, төртінші санаттағы билеттің құны қарапайым футбол сүйер қауым үшін (жеңілдіктерсіз) 45 злотыйға түседі. Бұл ұлттық валютаға шаққанда -  4010 теңге.  Бірінші санаттағы билет 70 злотый тұрады - 6 246 теңге.

«Астана - «Легия»-ның бірінші кездесуі 26 шілде күні Астанада өтеді, ал жауапты матч Варшавада 2 тамызда өтпек. 

Соңғы жаңалықтар