Леффлер Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегінің қайда өтуі мүмкін екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер Sky Sports-қа берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта айқасы қайда өтетіндігі жайлы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий айқасты мамыр айына дейін өткізгісі келеді, ал егер олар жекпе-жекті қайталауға шешім қабылдаса, көре жатармыз. Біз Головкиннің мансабына үзіліс жасай алмаймыз, алайда екінші жекпе-жек басымдылыққа ие. «Канело» мамырға дейін айқаспайтындығын мәлімдеді, оның екінші жекпе-жекті өткізгісі келетін, келмейтіндігін күту керек. Егер жекпе-жек қайтадан Невадада өтер болса, ол бізге қиындық туғызбайды. Алайда бұл жолы төреші мәселесіне басым назар аударар едік. Бёрдтың төрешілік жүйесі Головкиннің мәнеріне сәйкес келмейді және бұл оны қайта сайламауға негіз болады», - дейді промоутер.

Леффлердің айтуынша, жекпе-жек қайта өтетін болса, Даллас тізімнің басында болады.

«Мэдисон Сквер Гарден» аренасы да бірінші жекпе-жекті өткізуге ұсыныс жасаған. Алайда, Кличко - Джошуа жекпе-жегіндегі «Уэмбли» стадионының керемет атмосферасын көргеннен кейін, мен үнемі Далластағы AT&T стадионына бару идеясын жақтадым. Онда 100 мың орынға билет сата алатын едік», - деді Леффлер. 

Соңғы жаңалықтар