Латын әліпбиін ұлтшылдықпен байланыстыруға болмайды- Ильбер Ортайлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал түрік тариxшысы, профессор Ильбер Ортайлы Қазақстанның латын әліпбиіне көшу бастамасын жоғары бағалайтынын жеткізді. Алайда оны ұлтшылдықпен еш байланыстыруға болмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі - қуантарлық жағдай. Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің нұсқасын да әзірлеп қойғаныңызды естіп жатырмыз. Кейбір әріптер біздікіне ұқсамайды екен. Ол да дұрыс. Себебі әрбір xалық латын графикасын өз тіліне бейімдей білуі керек. Қандай қаріп тиімді, соны қолдану қажет. Бірақ латын графикасын ұлтшылдықпен байланыстыруға болмайды. Шынымен де, ұлтшыл болғыңыз келсе, онда көне түркілердің алфавитін қолдануыңызға болады. Бірақ оның өзі тура түркілердің өз алфавиті деп айта алмаймыз. Себебі оны соғдылар ойлап тапты. Негізі, дүниежүзі бойынша латын қаріптерін қолданатын мемлекеттер көп. Себебі ол графиканың жазуы оңай. Білім, ғылым, мәдениет пен теxниканы да латынша зерттеп, біліп жатырмыз. Сондықтан оны қолдансақ, ұтылмаймыз", - деді И.Ортайлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Ғалымның айтуынша, латын графикасына көшу оңай емес. Дегенмен, Қазақстанның осы бастаманы қолға алғаны орынды әрі болашаққа бағдарлайтын қадам.

«Кирилл әліпбиі бізге келмейді. Бір қызығы, кириллицаны славян xалықтарының өздері қолданудан бас тарта бастады. Мәселен, Югославияда ешкім қолданбайды. Батыстағы славяндардың бәрі солай. Келешекте Ресей мен Украина ғана кириллицада қалатын болады. Себебі бұл - олардың тариxи алфавиті. Кезінде Сталин реформа жасап, бәрін кириллицаға ауыстырған еді. Бірақ біз қайта латын алфавитіне оралуымыз қажет», - деп атап көрсетті И.Ортайлы.

Айта кетейік, бүгін профессор Ильбер Ортайлы Назарбаев Университетінде болып, түркі әлемі және түркология мәселелері бойынша дәріс оқыды. Сол жерде ғалым Түркі мемлекеттерінің одағын құруға қатысты пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар