Қызын өртеп жіберген қарағандылықтар ұлына ата-аналық құқықтан айырылуы мүмкін

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Анасы мен өгей әкесі екі жасар қызды өлтіргені туралы атышулы қылмыстық істің фигуранттарына бір жарым жасар ұлына ата-аналық құқықтан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залында сотталушы Иляна Драганның туған қызы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқанын айты, бүгінде оның жасы жетіде. Ол 3 жасынан бастап балалар үйінде тәрбиеленуде.

Жеті жасар қыздың биологиялық әкесі әйелді қорғауда. «Иляна - жақсы ана. Мұның бәрі арақтың кесірі. Егер ол менімен қалғанда, қалыпты отбасы болар едік. Қазір мен жұмыссызбын. Ол абақтыда. Бұдан басқа екі бала туды. Үлкен екі жасар қызы қаза тапты. Кішісін балалар үйіне алып кетті», - деді бұрынғы күйеуі Николай Володов.

Анасын тұтқындаған кезде кіші ұлы 1 жас он айлық болған. Ол жарты жыл болды, балалар үйінде. Ата-аналық құқықтан айыру мәселесі үкім жарияланғаннан кейін шешіледі.

Судья Исламхан Есенбаев осы іс бойынша төрағалық етуде.

Ер адам 99-бапта көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпталуда. Әйел 434-бап бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.

Соңғы жаңалықтар