Қызылорданың үздік тауар өндірушілері анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқау өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Тауар өндірушілер көрмесімен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысты.

«Қазіргі таңда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған - бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Биылғы жылы байқауға 22 тауар өндіруші қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 1-орынды «ЭлектроТехнология» ЖШС иеленсе, 2-орын «Полимер Продукт» ЖШС-не бұйырды. Ал, үшінші орынды «МИР 2001» ЖШС жеңіп алды.

 «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы  бойынша 1-орынды «ДАЛАТЕКС» ЖШС, 2-орынды «Қызылорда зағиптар  қоғамы» оқу-өндірістік коперативі» ЖШС, 3-орынды «ПромКоммерцКА» ЖШС иемденді. 

Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауар» номинациясы бойынша 1-орын «Арал тұз» АҚ-ға, 2-орын «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-ға, 3-орын «Ермаханов»  ЖК-ге бұйырды.

Байқау жеңімпаздары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтетін республикалық көрме-байқауға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар