Қызылордалық велоспортшылар командалық жарыста жеңімпаз атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында велоспортан өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің тәрбиеленушілері жоғары спорттық  шеберліктерін көрсетті. 

Атап айтқанда, облыс спортшылары командалық жарыста 1-орынды еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Команда құрамында Роберт Гайнеев, Асылхан Тұрар, ағайынды  Мәди және Ғабиден Әзендер бақ сынасты.

200 айналымдағы топтық жарыста Ғабиден Әзен мен Роберт Гайнеев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Спортшыларды жарысқа  Руслан Ягафаров пен Жандос Махамбетов дайындады. 

Соңғы жаңалықтар