Қызылордалық полицейлер 3 келіден аса есірткі затын сақтаған азаматты құрықтады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын аса ірі көлемде сақтап жүрген Қызылорда қаласының 1974 жылы туылған тұрғынын анықтап, құрықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Күдіктінің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат және есірткіге ұқсас зат салынған сөмке анықталды. Аталған заттар айғақ ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен 3 кг 425,17 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті тұлға оқиға орнынан ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар