Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 10-16 тамыз аралығында АҚШ-тың Колифорния штатының Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік полицейлер және өрт сөндірушілер арасында әлем біріншілігі өтуде.

Аталған спорттық шараға әлемнің 67 елінен құқық қорғау органдарының 8 мыңнан астам қызметкерлері қатысып, бақтарын сынауда.

Бұл жарысқа Қазақстанның намысын қорғау үшін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің жедел әрекет ету жасағының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Абдуллаев Ержан Серікбайұлы қатысып, жарыстың бірінші күні-ақ еліміздің қоржынына дзюдо спорты бойынша қола жүлде салды.

Жарыс кезінде 81 келі салмақ дәрежесіндегі атлеттермен белдесіп, оларды тізе бүктірген Ержан финалда ресейлік және бельгиялық қарсыластарына ғана жол беріп, ІІІ орын иегері атанды.

Полиция аға лейтенанты Ержан елімізде өткізілген бірнеше спорттық шараларда топ жарған. Атап айтқанда, 2015 жылы Шу қаласында өткізілген ІІМ чемпионатының қоян-қолтық күресі бойынша ІІ орын жүлдегері, 2017 жылы наурыз айында өткізілген ҚР чемпионатының самбо күресінен ІІІ орын иегері, Т.Көмекбаев атындағы самбо турнирінің ІІ орын жүлдегері атанған.

null

Соңғы жаңалықтар