Қызылордада жұртты қорқытып, пайда тауып жүрген қылмыстық топ құрықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада азаматтарды қорқытып, пайда табуды кәсіп еткен қылмыстық топтың 3 мүшесі құрықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

17 қараша күні сағат 18.30 шамасында Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шиелі ауданының 33, 31, 24 жастағы 3 тұрғыны ұсталып, адамдарға физикалық күш қолдану арқылы қорқытып, мүлікті талап еткендері анықталды. Тексеру барысында олардан газды травматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Сонымен қатар, үйіне жүргізілген тінту барысында сарайынан тапаншаның оқжатары, аңшы мылтықтары, аңшы мылтығының патрондары табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 2-бөлігі және 287-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, күдіктілерге қатысты «күзетпен қамауда ұстау» бұлтарпау шарасы санкцияланды. 

Соңғы жаңалықтар