Қызылордада жолаушылар бір күн бойы қоғамдық көліктерде тегін жүреді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда қаласында ертең яғни, 20 қыркүйек барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушылар үшін тегін болмақ, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Бұл бір күндік игі шара «Қала күні» мерекесіне орай «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында өткелі отыр. Сондай-ақ қала күні мерекесі алдағы төрт күнге жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар