Қызылордада үй алып берем деп 20 млн. теңге жымқырған қала тұрғыны сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада жұртты алдап, алаяқтықпен 20 млн. теңге жинаған қала тұрғыны істі болды,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Алаяқ әуелде «Арай-2» мөлтек ауданынан салынып жатқан көпқабатты үйлерден 2-бөлмелі пәтер алып беремін деп жәбірленушіден 500 000 теңгесін алады. Осыдан кейін қалалық әкімшілікте жұмыс істейтін танысы арқылы көпқабатты үйлерден 2 бөлмелі пәтер алып беремін деп тағы бір тұрғыннан 723 000 теңге алған. Сотта алаяқтың 30 адамнан барлығы 20 млн-нан астам теңгені алдап алып, олардың қаражаттарын қайтармай бас пайдасына жаратқаны анықталды.

Осы қылмыстық іс бойынша Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Д.Әлиев БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Оның айтуынша, сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК 190 бабының, 3 бөлігінің, 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленген және оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ 4 бабы, 1 бөлігі, 2 тармағына сәйкес, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің жартысын қысқартып, түпкілікті мүлкін тәркілеп, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді», - дейді Д.Әлиев.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар