Қызылордада террористерден қорғанысы осал 4 мекеме басшысы жазаланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 4 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған нысанның терроризмнен қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 1 су шаруашылығы мекемесі басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 2 миллионға жуық айыппұл салынды.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал нысандарда инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Соңғы жаңалықтар