Қызылордада Мұстафа Шоқайға арналып ас берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында «Алаш мұрасы және тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды. Оған еліміздің әр түкпірінен келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысуда, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Халықаралық шараға жиналғандар қонақтар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері әуелі қаладағы «Ұлытау» мейрамханасында Алаштың ардагер ұлы, түбі бір түркінің бірлігін көздеп өткен Мұстафа Шоқайға арнап берілген асқа қатысты. Ұлты үшін ұлы іс тындырған қайраткер рухына оқылған Құранға қол жайды.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ізгі бастама аясында жиналған ағайынға лебізін білдірді. Академик Досмұхамет Кішібеков, қоғам қайраткері  Әбдіжәлел Бәкір, «Мұстафа Шоқай» қорының президенті Базарбай Атабаев Түркістан республикасының туын көтерген тұлға жайлы тәлімді сөз айтты.

1

Соңғы жаңалықтар