Қызылордада медицина қызметкерлері күні аталып өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін атап өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен салдарынан болатын өлім 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану және оның салдарынан болатын өлім 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды. Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында қол жеткізілген жетістіктер», -деді аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.

Соңғы жаңалықтар