Қызылордада ҚР IV Жастар спорт ойындары басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін, Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының IV Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардан спортшылар спорттың 35 түрінен бақ сынайды.

Мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.

null  

Бағдарлама аясында Қызылордада гандбол және тоғызқұмалақ жарыстары өтуде. Тоғызқұмалақ 10 сәуірге, гандбол ойындары 12 сәуірге дейін жалғасады. Жастар ойындарына қатысушыларды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов құттықтады.

null 

Спорт ойындарының алауын жағу құрметіне ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Евгений Ломанов, дзюдодан жастар арасында Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, дзюдодан жасөспірімдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев ие болды.

null  

Сайыстарды әділ жүргізуге төрешілер атынан тоғызқұмалақтан жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісі Айнұр Жақапбаева, спортшылар атынан каратэ-додан әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай ант берді.

null 

Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында теннис жарыстарымен жабылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар