Қызылордада қазақ тілінде мультфильмдер құрастыратын бойжеткен тұрады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахмановамен жүздесті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада алдымен облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген жерлестерімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің көркеюіне үлес қосқан, жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында жалпыхалықтық «100 жаңа есім» жобасы қолға алынған болатын. Жақында жобаның жеңімпаздары Елбасымен жүздесіп қайтты. Оның ішінде Сымбат Нұртазақызы да бар. Сымбаттың жеткен жетістігі мен жасаған еңбегі көптеген жастарға үлгі болары анық», -деді Руслан Рүстемов.

Сымбат Әбдірахманова 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдері университетінде «филология» мамандығын, 2007 жылы Иран мемлекетінің «Таботабои» университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды. Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. «Ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін жетілдірді. Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
null

Білікті маман балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог. Ол парсы тілі бойынша Орта Азиялық Олимпиаданың 1-орын иегері. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сонымен бірге Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Атап айтар болсақ, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» еңбегі бар.

Соңғы жаңалықтар