Қызылордада этноауыл, мұражайы бар «Байқоңыр» туристік аймағы салынбақ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қала мен ауылдарда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін осы жылы бюджеттен 2 млрд 307 млн теңге бөлінді. Оған ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің 177 жобасы қаржыландырылды. Ал 113 жоба ХҚО тіркеуде. Осы және басқарманың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Өмірсерікұлы Нұржан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Бизнесті қолдау мен дамытуға байланысты бағдарламалар аясында ауыл кәсіпкерлері де микронесиелер алуға қол жеткізуде. «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 494 адам оқудан өтіп, оның 331 өз жобаларын қорғап шықты.

Туризм саласы да қарқынды дамуда. Арал ауданындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұмысын жүргізуде.

Биылғы жылдың ауқымды жобаларының бірі ол - «Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік әлеуетін одан әрі дамыту үшін Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» туристік ойын-сауық аймағын ашу» тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі таңда, ол республикалық деңгейде талқылануда. Жоба қолдау тапқан жағдайда аумағы 100 гектар жерде қонақ үй, этноауыл, арнайы мұражай, ойын-сауық кешендері салынады.

Сондай-ақ, «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне өңір халқы да өз үлестерін қосуда. Көрмеге 54 289 билет сатып алынып, оған 69 мыңнан астам жан қатысты. Ардагерлер мен оқушылардың шығындары бюджет қаражат есебінен қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар