Қызылордада ЭКСПО-ға арналған велошеру өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ТЖД және ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 70-тен астам қызметкері 8 шақырымға созылған велошеруді «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесіне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздік даңғылынан басталған шеруге қатысушылар  Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін жүріп өтті.

 Бұл сала қызметкерлері ұйымдастырып отырған алғашқы спорттық шара емес. Олар осы жолы да үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстану  қажеттігін еске салды.

Соңғы жаңалықтар