Қызылордада диабет орталығы ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы облыстық медицина орталығында диабет орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнда сусамыр дертіне шалдыққан қызылордалықтарға кешенді ем жасалады. Орталықтың ашылу салтанатына облысы әкімінің орынбасары Руслан  Рүстемов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың эндокринология кафедрасының меңгерушісі Ж. Абылайұлы, ҚР диабетологтар ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тлеулесова қатысты. Шара ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. 

Халықаралық диабет федерациясының мәліметі бойынша, әлемде 420 миллионнан астам адам осы дертке шалдыққан. Оның тең жартысы 20-60 жас аралығындағы азаматтар, Жер бетінде әр секунд сайын бір адам диабетке шалдықса, 7 секунд сайын бір адам осы аурудан көз жұмады.
Ресми емес дерекке сәйкес, елімізде бұл кеселге душар болғандар саны 600 мыңнан асады. 

Соңғы жаңалықтар