Қызылордада «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!» акциясы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Балаңа қарызсың ба? Алиментті төле!» акциясы өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

 Аталған шараның мақсаты - алимент өндіру санатындағы атқарушылық өндірістердің орындалуы тиімділігін арттыру.

 Акцияны өткізу барысында Қызылорда облыстық прокуратурасы мен уәкілетті органдары алиментті өндіруге қатысты бірнеше тақырыптық бейнероликтер әзірледі.

 Қазіргі таңда  олар «Жібек жолы» сауда орталығында орналасқан кинотеатрда және жергілікті телеарналарда көрсетілуде.

Акция аясында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары аумағында «Балаңа алимент төлеу міндетің!», «Өз балаңа алимент төле борышкер!» атты жазулары бар автокөліктермен автошерулер  ұйымдастырып, тұрғындарға алимент төлеу міндеттілігін насихаттайтын үнпарақшалар таратылды.

Соңғы жаңалықтар