Қызылордада «Автобус паркі» ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат-Қызылорда қаласында жаңа үлгідегі автобус паркі ашылды. Оған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, қызылордалықтарды қуанышымен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

null

«Бұл автопарктің ерекшелігі - қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдалықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы мен автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктер қарастырылған»,- деді облыс әкімі.

null

Жаңа автобустардың техникалық және санитарлық жағдайы елдің сұранысына сай болу үшін, облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылған. Автобус паркінің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды және 200 автобусқа шақталған. Алдағы уақытта, автобус паркі 250-300 адамды жұмыспен қамтитын болады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар