Қызылорда облысының жолаушылар көлігі басқармасына басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен Ержан Әбдіхалықов Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.

Ержан Қыпшақбайұлы 1982 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-энергетик» және «жылу энергетика магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

2013-2016 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар