Қызылорда облысының ҰҚК департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы лауазымына Мақсұт Баймағамбетов тағайындалды.

Мақсұт Кәкімұлы 1966 жылы туған. Қазақ политехникалық, сондай-ақ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институттарын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Арқалық қаласындағы Алексеев қиыршықтас зауытында бас маркшейдер ретінде бастаған. 1993 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарып келеді.

ҚР ҰҚК төрағасының бұйрығымен 2014 жылдан осы кезге дейін аумақтық департаменттің бастығы қызметін атқарып келген Таңат Жүнісов комитет Академиясының бастығы лауазымына тағайындалды.

Әділжан ҮМБЕТ

Соңғы жаңалықтар