Қызылорда облысының табиғатты реттеу басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Нұрлыбек Қалжатайұлы Жолдасбаев Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Жолдасбаев 1955 жылы туған. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын «зоотехник-зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1972 жылы Жалағаш ауданының «Мәдениет» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Өзінің еңбек жолында Нұрлыбек Қалжатайұлы мемлекеттік қызмет саласы мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларын басқарған, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының әкімі болған.

2013 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар