Қызылорда облысының еңбек басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Қызылорда өңірі әкімінің өкімімен бұл қызметке Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Жалғасбаев 1962 жылы туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы «Сельхозтехника» бірлестігінің заңгер-кеңесшісі ретінде бастаған. 1985-2017 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды.  Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары секілді жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2010 жылдан бастап ағымдағы жылдың ақпан айына дейін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы.

Соңғы жаңалықтар