Қызылорда облысының әкімі полицейлерге 69 автокөлік кілтін табыстады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін 21 маусымда  Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Орталық алаңда, яғни Облыстық сот ғимаратының жанында орналасқан станционарлы полиция бекетінің  ашылу салтанаты болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметіне қаржы бөлініп, 69  автокөлік, стационарлық полиция бекетін орналастыру үшін модуль тәрізді үй-жай сатып алынды.

Жаңа полиция бекеті қазіргі заманға сай ерекше үлгіде салынған  (Ресей Федерациясының Самара қаласының тәжірибесі негізінде) және жобасы Жергілікті атқарушы және прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Полицейлерге барлық жағдай жасалған, қажетті жабдықтармен, компьютер, бейнекамералармен және ІІМ-нің арнайы базасымен жабдықталған. Осыған ұқсас 13 бекет қаланың өзге да аумақтарында ашылмақ.  

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында сап түзеген қызылордалық полицейлерге «Toyota Corolla» маркалы 69 автокөліктің кілті табыс етілді. Автокөліктер жол-патрульдік полиция батальонына пайдалануға берілмек. Бұл аталған бөлініс қызметінің жеделдігін арттыруға және облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі септігін тигізеді.

Аймақ басшысы кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталатынын баса көрсетті. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатқандығын және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылғанын жеткізді. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар