Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады - Қазгидромет

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 9-10 қазанда облыстың кей жерлерінде шаңды дауылы соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.                           

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар