Қызылорда облысында көктемгі егіс науқаны басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Жалағаш ауданында көктемгі егіс науқанының басталуына орай «Дала күні»  атап өтілді. 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шаруашылықтың жұмысымен танысып, диқандарға табысты еңбек, мол өнім тіледі, деп хабарлады ҚазАқпаратқа өңір басшысының баспасөз қызметінен.  

Облыс әкімі және ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен шаруа қожалығының қызметкерлері алқапқа егіс науқанының алғашқы күріш дәндерін септі. Содан соң Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев биыл шаруалар алдында тұрған  маңызды міндеттерді жеткізді.


Айта кетейік, Қызылорда облысы осымен төртінші жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жинады. Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және экспортқа бағытталған  өнім өндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аймақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3 түрін экспортқа шығарады: күріш, (Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан), балық (Әзербайжан, Грузия, Австрия, Дания, Польша) және былтырғы жылдан бастап қауын (Ресей, Қырғызстан). Қазіргі таңда  Иран, Қытай, Ресей және Еуропа елдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы  өнімдеріне үлкен қызығушылық танытуда.  Мысалы, мақсарының бағасы да,  оған  сұраныс та артты. Бұдан бөлек, Қытайлық инвесторлар облыс аумағында  қымыз,шұбат және томат пастасын өндіретін зауыт салуға ал, Парсы шығанағы елдері (Иран, Кувейт, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері) соя, жүгері егіп, сиыр, қой өсіруге ниет білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар