Қызылорда облысында былтыр 16 мың адамға 212 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша былтырғы жылы 16 мыңнан астам адамға -  тұрмысы төмен азаматқа, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға 212 млн теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілді. 

Оның басым бөлігі бюджеттен тыс қаражат көздерінен, демеушілер, мекеме мен ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды, деп мәлім етті Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров журналистермен өткен брифинг барысында. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

Өткен жылдың басты оқиғасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шапағаты» қайырымдылық айлығы аясында 4451 адамға 72, 7 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілген. 

«Биыл елімізде жаңа бағдарлама «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске қосылатын болады. Оны жүзеге асыруға 3,7 млрд қаржы бөлініп отыр. 3 бағытта жүргізілгелі отырған жаңа бағдарлама жаппай оқыту және кәсіпкерлік арқылы нәтижелі жұмыспен қамту үшін кірістердің өсуіне жағдай жасауды көздейді. Осы ретте шетелдерден жоғары білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шаралары жеңілдетіледі. Сонымен бірге, шетелден жұмыс күшін тартуға келісім алу үшін жұмыс берушілер салық төлейтін болады. Оның көлемі шақырылған жұмыскердің санаты мен жұмыс істейтін саласына қарай сараланбақ», - деді басқарма басшысы. 

Соңғы жаңалықтар