Қызылорда облысында 1 млрд-тан астам теңгеге балалар лагері салына басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының Жосалы кентінде балалардың жаз және қыс мезгілдерінде демалуына арналған жаңа лагерь бой көтере бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Жалпы сметалық құны 1 млрд 292 млн теңгені құрайды. Аумағы 5 га болатын  жерде 200 ге жуық балаға арналған 4 жатын ғимарат (екеуі - қыздарға, екеуі ұлдарға арналған), спорт залы, клуб, әкімшілік және шаруашылық ғимараттары орналасатын болады. Құрылысты «Промстройсервис-Е» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта аталған нысанның жері тегістеліп, оның ірге тасын құю жұмыстары атқарылуда.
null 

Айта кетейік, аудандағы «Жас өркен» балалар тынығу лагері  2006 жылы су астында қалып, жұмысын тоқтатқан болатын. Сол уақыттан бері аудан оқушылары жазғы демалысын басқа аудандардағы және республиканың өзге аймақтарындағы лагерьлерде өткізіп келеді.  

 

Соңғы жаңалықтар