Қызылорда облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облыстық сотында 2017 жылғы бес айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес жұмысына қатысқан Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин Қызылорда облыстық сотының жаңа төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын таныстырды. Қ.Нұрышев бұған дейін Жоғарғы Соттың судьясы болып жұмыс істеген.

null 

«Қамбар Жұмабайұлы сот жүйесіне білікті судья әрі басшы ретінде танымал. Ол өзінің көп жылғы тәжірибесімен республиканың сот жүйесін дамытуға зор үлес қосты. Қамбар Жұмабайұлы, Сізге Қызылорда облыстық сотын басқару бойынша үлкен сенім артылып отыр. Сіз өңірдегі соттардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз етуге бар күш-жігеріңізді салуыңыз керек», - деді А.Рахметулин.

Облыстық соттың төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Қайырбеков 5 жылдық жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты басқа қызметке ауысты.  
А.Рахметулин Н.Қайырбековке атқарған кәсіби жұмысы үшін алғыс білдірді.

null 

Сондай-ақ кеңес барысында жаңадан тағайындалған соттар төрағалары мен алқа төрағалары таныстырылды: бұған дейін Атырау облыстық сотының алқа төрағасы қызметін атқарған Әділхади Шығамбаев - Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, облыстағы Шиелі аудандық сотының төрағасы болған Мұхтар Еркінбеков - Қызылорда қалалық сотының төрағасы, Қармақшы аудандық сотының төрағасы болған Қанатбек Абдоллаев - мамандандырылған ауданарлық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың төрағасы болып тағайындалды.

А.Рахметулин аталған кадрлық өзгерістер облыстық және аудандық соттар төрағаларының құзырет мерзімдерінің аяқталуымен байланысты екендігін атап өтті. 

null 

Соңғы жаңалықтар