Қытайдың жоғары заңнамалық органына 2980 депутат сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың жоғары заңнамалық органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына барлығы 2980 депутат сайланды. Бұл туралы жұма күні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Дауыс беру барлық ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүрді. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысына жаңа депутаттарды квалификациялау туралы баяндама БХӨЖ-дің Тұрақты комитетінің мақұлдауына ұсынылды.

Депутаттардың тізімін сенбі күні жариялау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар