Қытайдың ең танымал мерекелік концертінде Абайдың қара сөздері оқылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың танымал сатиригі орталық телеарнаның (CCTV) «2018 жылғы көктем мерекесінің сауық кеші» концертінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөзінен үзінді келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайға танымал театр және кино актері, сатирик Фың Гуңның авторлығымен дайындалған «Жаным жырға жақын» қойылымында өлең айтудан бәсекелескен екі актердің бірі Абай Құнанбаевтың 37-ші қара сөзінен үзіндіні кетірді. Ол:

«Дүние - үлкен көл,

Заман - соққан жел.

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер» деген жолдарды қытай тілінде оқып, қарсыласының талабы бойынша Қазақ тілінде де оқып берді.

Айта кетейік, дүбірлі мерекелік кешке қытайдың ең танымал өнер адамдарымен бірге, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де арнайы қатысып, өнер көрсетті.

 «Көктем мерекесі сауық кеші» 1983 жылдан бері жыл сайын Қытайдың жаңа жыл мерекесі күні CCTV телеарнасында тікелей эфирден көрсетіліп келеді. 2012 жылы мерекелік кеш ең көп көрермендер көрген концерт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп, 2016 жылы әлемде бұл концертті 1 миллиардтан астам адам тамашалаған болатын.

Соңғы жаңалықтар