Қытайдың ең ірі провинцияларының бірі ЭКСПО-да өз жаңалықтарын ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 аясында Қытайдың Гуандун провинциясының апталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null
«Қытайда жақсы тәмсіл бар: «Кездесу үшін мың шақырым жерден жақсы достар ғана келеді». Гуандун апталығын өткізу аясында жолығуымыздың өзі тағдырымыздың ортақ екенін көрсетіп тұр. ЭКСПО-ның «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы Қытайдың жасыл экономикалық дамуының тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Гуандун провинциясы ежелгі теңіз «Жібек жолының» маңызды нүктесі», - деді Гуандун провинциясының бас хатшысының орынбасары Ли И Вей өзінің құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ ол провинция апталығында өңірдегі энергияның жаңа көздері, жаңа технологиялар және зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы барлық жетістіктерді көрсетуге тырысатындарын атап өтті.
null null 

Өз кезегінде Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры Айдын Байеділов экономикалық дамуы бойынша Қытайдың ірі әрі қуатты провинцияларының бірімен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын баса айтты.

Айта кетейік, Гуандун провинциясы Қытайдың оңтүстік-шығысындағы субтропикте орналасқан, аумағы 177,9 мың шаршы шақырымды құрайды.
null null null 

Провинцияның 3368 шақырым құрлықтық желісі бар және теңіз биологиялық ресурстарға өте бай. Теңіз қайраңында мұнай өндірісі де жолға қойылған. Өзге де пайдалы қазбалар арасында германий, висмут, талий, тантал, селен сынды сирек кездесетін металлдардың кен орны аса үлкен маңызға ие.

Гуандунда Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоу атты Қытайдың үш арнайы экономикалық аймағы бар. Гонконгпен және Макаомен көршілес орналасуы да провинцияның экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді.

Қазіргі уақытта Гуандун ЖІО көлемі бойынша ҚХР провинцияларының алдыңғы орнында тұр.

Соңғы жаңалықтар