Қытайдағы көрмеде Димаштың концертіне билеттер ұтысқа қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің қаласында өтіп жатқан China Outbound Travel Market-2018 көрмесінде Қазақстан брендінің ресми ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-қа сілтеме жасап.

Көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді экотуризм, этнотуризм, City break, MICE туризм, шопинг, транзиттік турлар сияқты Қазақстанның туризм саласындағы қыруар мүмкіндіктері туралы айтылады.

Kazakh Tourism компаниясы ұйымдастырған ұлттық стендтің өзегі әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің сүгіреті тұрған фотозона болды. Онда әншінің Шеньчжэн қаласында өтетін концертіне билет ұтып алуға болады.

Көрмеге Қазақстанның Қытай нарығына бейімделген 12 туроператоры қатысып жатыр. Берлиндегі көрмеде жиылған жұрттың көзайымы болған Арлан театрының батыр актерлері мәдени бағдарламаны ұсынды.

Қазақстан стендінің ашылу рәсіміне ҚР-дың Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев қатысты.

Соңғы жаңалықтар