Қытайда су тартылған кезде ежелгі Будда мүсіні шыға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Табылған олжа мамандар мен ежелгі ескерткіштердің бағалаушыларын таң қалдырды: Қытайдың шығысында судың тартылуынан су қоймасында ежелгі Будда мүсіні көрінді.

Оны алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған, қазір мүсінді археологтар зерттеуде. Мамандардың пайымдауынша, бұл Мин әулетінің (1368-1644 жылдары) дәуірінде жасалған, сол себепті оның жасы 350 жылдан асады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайлық БАҚ-тың мәлімдеуінше, судың деңгейі шлюз қақпасын жөндеуге байланысты 10 метрге дейін төмендеген, нәтижесінде су бетіне Будданың мүсіні шыққан.

Таңқаларлық видеокадрлар YouTube-қа жарияланды.

Ғалымдар су қоймасының түбінде, Будда мүсінінің аяқ жағында ежелгі ғибадатхана болуы мүмкін деген болжам жасауда. Олар су асты құрылғысының көмегімен бұл жерді зерттеуді көздеп отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар