Қытайда мемлекеттік қызметкер болғысы келетіндер саны өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 1,1 миллионнан астам адам жалпыұлттық мемлекеттік қызметке қабылдану емтиханын тапсырды, деп хабарлайды Синьхуа .

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, жексенбіде 1,1 миллионнан астам адам жалпыұлттық мемлекеттік қызметке қабылдану емтиханын тапсырды. Өткен жылы бұл сынаққа 984 мың адам қатысқан еді. Осымен екінші мәрте емтихан тапсырушылар саны 1 млн адамнан асып отыр.

Сынақтан өткендер мемлекеттік құрылымдардағы 28 мың бос орынға қызметке тұра алады, яғни әрбір 39 үміткердің біреуі ғана жұмысқа қабылданады деген сөз.

Жазбаша тапсырылған емтиханның қорытындысы 2018 жылдың қаңтарында жарияланады. Сынақтан өткен үміткерлер емтиханның екінші кезеңі  - наурыз айында сұхбаттасуға шақырылмақ.

Мемлекеттің қызметке қабылдау емтиханынының  мұндай жоғары деңгейде өтуі, Қытайдағы мемлекеттік қызметтегі адамның жақсы табыс тауып, тұрақты еңбек етуімен байланысты.

Соңғы жаңалықтар