Қытайда әлемдегі алғашқы «орман қала» бой көтереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2020 жылы Қытайда әлемдегі алғашқы «орман қаланы» салу жоспарлануда. Басқа мегаполистерден оның ерекшелігі, қоршаған ортаны ластамайды, керісінше тазартады.

 Жаңартылған энергия көздеріне ғана тәуелді футуристік қалада 30 мың адам қоныстанып, 40 мың ағаш отырғызылатын болады.

Орман қала жобасын италиялық сәулетші Стефано Боери әзірледі. Қала Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында пайда болады және жоғары жылдамдықты темір жол орналасқан Лючжоу қаласымен біріктіріледі.

Соңғы жаңалықтар