Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-да 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Синьхуа».

Жер асты дүмпулері Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автоном ауданындағы Қарамай қаласынан батысқа қарай 159 километрде болған. Зілзала ошағы Қазақстан-Қытай шекарасынан 30 километр шығыста орналасқан.

Зілзала кіндігіндегі сілкіністердің қарқындылығы «қиратушы» деп бағаланған. Әзірге табиғи апаттан құрбан болғандар мен қирау туралы мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар