Қытайда 17 заңсыз сайт жабылды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжің үкіметінің интернет-цензоры 17 қытайлық сайтты жауып тастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі «Хуанцю шибао» басылымына сілтемемен.

«Сайттар арнайы лицензиясыз жұмыс істегені себепті жабылған. Одан бөлек тіркелу кезінде жалған мәліметтер енгізілуі және порнографиялық контенттің болуы да анықталған. Бұның бәрі Қытай заңнамасына қайшы», - делінген Бейжің интернет-ақпараттары басқармасының Weixin әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметте.

Жабылған вебсайттар ішінде танымал экономист Мао Юйшидің «unirule.org.cn» және «china-review.com» сайттары да бар. Бұлардың 2,67 млн. жазылушысы бар Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасы да бұғатталды.

Соңғы жаңалықтар