Қытай мен Қазақстан ІТ саласында әріптестікті дамытпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытай мен Қазақстан ІТ саласында әріптестікті дамытпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чжэцзян провинциясының компаниялары қазақстандық серіктестерімен цифрлық технологияларды дамыту бойынша бірқатар келісімге келді.

Алматыда өтіп жатқан «Чжэцзян-Қазақстан» инвестициялық форумына аталған аймақтың 77 компаниясы басшылары келді.

«2016 жылы Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасындағы тауар айналымы 500 млн доллар болды. Аймақтың 20 компаниясы Қазақстанға 520 млн АҚШ долларын инвестициялады.

Қазақстандық кәсіпкерлер 23 млн доллар капиталмен 16 кәсіпорын құрды. «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасы аясында сауда- өнеркәсіп саласында серіктестігіміз арта түседі деген ойдамыз. Форумда біз IT, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, туризм, қаржы саласындағы өзара ыынтымақтастық туралы талқылайтын боламыз», - деді Чжэцзян провинциясы Халықтық үкіметінің вице-губернаторы Лян Лимин.

Бүгінгі форум барысында  екі ел арасындағы ІТ саласындағы өзара келісімшарт жасалды.

«Tech Garden» компаниясы мен қытайлық «Jumо» электрондық коммерция компаниясы арасында b2b форматында келісім шарт жасалды. Сондай-ақ, «OpenLab» лабораториясы электрондық қызмет, қаржылық транзакциялар, сақтандыру, логистикалық саладағы ІТ технологияларды бір дерек қорына жинақтауға көмектеседі. Бұл зертхана цифрлық пішіндегі қатынастарды модельдеуге мүмкіндік беретін ғылыми база болып отыр.

Айта кету керек, келісімге үш тарап қол қойды.

Үш жақты келісім Алматы агломерациясын дамытуға бағытталған.

«Меморандум аясында Алматы өңірінің сауда саласын дамытуға бағытталған нақты жобалар қарастырылатын болады», - деді «Алматы Tech Garden» инновациялық технологиялар паркі автономды кластер қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

Енді отандық ІТ мамандар трансұлттық компаниялармен тығыз байланыса отырып, ұлттық нарыққа тарта алады.

Ортақ кәсіпорындарды қаржыландыру міндеті  «Алматы Tech Garden» мен қытай тарапына теңдей бөлінетін болады.

Чжэцзян - Қытайдың оңтүстік батысындағы ірі аймақ. ЖІӨ көрсеткіші бойынша елдегі 4 жетекші өңірлердің бірі. Әсіресе, теңіз порты ретіндегі әлеуеті өте үлкен. Тауар айналымы бойынша 8 жыл қатарынан әлемдегі 1 орынды алып келеді. Аймақта 4 200 көтерме сауда орталығы орналасқан.

 «Alibaba Group» компаниясының бас кеңсесі де Ханчжоу қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар