Қытай қазақстандық бизнесмендер үшін электронды коммерция курстарын ұйымдастырады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышев Сиань халықаралық құрғақ портының басшысы - партия комитеті хатшысының орынбасары Ли Пинвэймен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2016 жылдың шілдесінде Қытайдың Шэньси провинциясына жасаған сапарында қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.



Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және Қытай жағы бастамашыл болған «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында тараптар Қазақстан шағын және орта бизнес өкілдері үшін электронды коммерция курстарын ұйымдастыру туралы келісімге келді.

Жоба ҚХР Коммерция министрлігінің, Шэньси провинциясы халық үкіметінің, Сиань халықаралық құрғақ портының, сондай-ақ өңірдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының қолдауымен жүзеге асырылады.

Қазақстандық кәсіпкерлерге трансшекаралық электрондық коммерция, электрондық сауда, электронды коммерция саласындағы заңдылықты түсіндіру, қаржы қызметтері, екі елдің шағын және орта бизнес өкілдерінің арасында байланыстар орнату, порттың өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметімен танысу сияқты мәселелер бойынша оқу платформасы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар